Қауіпсіздік сабағы

18.09.2020

2020 жылдың 18 қыркүйегінде «Қауіпсіз білім беру ортасы» республикалық акциясы аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде колледж студенттерінің ювеналды полиция инспекторы М.С.Баранбаевпен «Кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу. Қауіпсіз мінез-құлық» тақырыбында кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты: студенттердің білім беру ортасындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Кездесу барысында инспектор Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасы бойынша түсіндірме берді, кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар мен олардың жазалары туралы жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Студенттердің ювеналды полиция инспекторы М.С.Баранбаевпен әңгімелесу түрінде кездесуі студенттерде үлкен қызығушылық туғызды және кәмелетке толмағандар жасаған заңсыз әрекеттердің ауырлығын түсінді.



Текст
Виртуальная приемная